Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады TuraNews.kz.
«Сапар 18-19 ақпанда өтеді.
Келіссөздер барысында тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелері және өзара ынтымақтастықты дамытудың алдағы жоспарлары жайында пікір алмасады.
Сонымен қатар, тараптар өзекті аймақтық және жаһандық оқиғалар туралы пікір алмасады», — денілген мәлімдемеде.
Мәлімдемеде бұл Әзербайжан басшысының 7 ақпандағы кезектен тыс сайлауда мемлекет басшысы болып қайта сайланғаннан кейінгі екіжақты деңгейдегі алғашқы шетелдік сапары екенін атап өтілді.