Якутияда бір тәулікте 19 орман өрті сөндірілді
Жергілікті биліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Якутияда бір тәулікте 19 орман өрті сөндірілген, әлі 174-і бар, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Якутияда бір тәулікте 19 орман өрті сөндірілді. Есепті кезеңде 3605,5 га аумақта 21 орман өрті анықталды. Жалпы алғанда, 9 шілде күні таңертең республикада ауданы 289 228,5 гектарды құрайтын 174 орман өрті және жалпы ауданы 256 гектарды құрайтын 1 ландшафттық (табиғи) өрт бары анықталды», — делінген хабарламада.
Республиканың 10 ауданында жалпы ауданы 72 536,5 га қамтитын 34 орман өрті сөндірілуде, жұмысқа 922 адам, 28 бірлік техника мен авиация жұмылдырылды. Якутияда орман өрттеріне байланысты енгізілген аймақтық төтенше жағдай режимі бар. Муниципалды сипаттағы ТЖ режимі Алдан, Вилюй, Нерюнгрин, Оймякон, Олекмин және Усть-Май аудандарының аумағында қолданылады.
Якутск пен оның айналасында өрт қаупінің 4 (жоғары) класы, Усть-Май және Томпон аудандарында 5 (өте жоғары) класы сақталады.