
Саха Якутия Республикасында аяз 60 градусқа таяп қалды, деп ЯСИА (Якутия-Саха ақпарат агенттігі) агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.
Оймякон әдеттегідей ең суық елді мекен болып қалды. 5 желтоқсан күні таңда мұнда Якутиядағы ең төменгі температура 57 градусты көрсетті.
Ал Амгада температура – 53, Ытык-Кюель, Чурапче, Хабардино, Жылы қайнар мен Батамайда термометр бағаны 52 градусты көрсетті.
Намцы, Усть-Нер, Верхневилюйск, Усть-Моме, Крест-Хальджа мен Покровскіде күн сәл жылылау.