Әлем

Хуситтер Еуропа мен Азияны байланыстыратын суасты интернет сымдарын зақымдады

Хуситтердің «Ансар Аллах» қозғалысының Қызыл теңіздегі кезекті шабуылы салдарынан Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысын қамтамасыз ететін төрт суасты байланыс кабелі зақымданды

Бұл туралы Globes хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.

AAE-1, Seacom, EIG және TGN кабельдерінің зақымдануы Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысын үзді, бірақ негізгі шығынға Парсы шығанағы елдері мен Үндістан ұшырады.

Сарапшылардың бағалауынша, зақымды қалпына келтіруге сегіз апта уақыт кетуі мүмкін. Азия, Африка және Еуропаны байланыстыратын басқа кабельдер бір аумақ арқылы өтіп, зақымданбағандықтан, көптеген сарапшылар зақымдануды маңызды деп санамайды.

Еске сала кетсек, қаңтар айында АҚШ пен Ұлыбританияның ұшақтары мен әскери кемелері Иранның қолдауымен Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасаған Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы бере бастады.

19 ақпанда Еуропалық Одақ Қызыл теңіздегі кемелерді қорғау үшін Қызыл теңізде Aspides операциясын бастады.

Айта кетейік, хуситтер Йеменнің ресми үкіметінің өкілі емес, елде бірнеше жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр.

Хуситтердің өзі шиит — исламның бір тармағын ұстанатын, елдің солтүстігіндегі таулы аймақтардан шыққан тайпалар одағының өкілдері.

TuraNews

Back to top button