БастыСпорт

Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан Швецияға қарсы ойнайды

Ойын Астана уақытымен 19:20-да басталады.

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізедi.

В тобында бақ сынайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлемнің үздік командаларының бірі — Швецияға қарсы шығады.

Айта кетелік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Чемпионаттың беташар матчында біздің құрама Франциядан 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар 3 ұпаймен 7-орында келеді.

 

TuraNews

Back to top button