Әлем
Харри Поттердің бірінші кітабының мұқаба суреті 1,9 миллион долларға сатылды
«Харри Поттер мен философиялық тастың» мұқабасына қолданылған акварельдің түпнұсқасы Нью-Йорктегі Sotheby's дүкенінде 1,9 миллион долларға сатылды.
Иллюстратор Томас Тейлор картинаны 23 жасында салған, бұл оның алғашқы ресми тапсырысы.
MarketWatch дерегінше, бұл Харри Поттер әлеміне қатысты заттар үшін рекордтық сома.
2001 жылы картина небәрі 85 750 фунт стерлингке бағаланған. Сиқыршыға қатысты заттар бойынша алдыңғы рекорд 2021 жылы, бірінші кітаптың алғашқы басылымы Далласта 421 мың долларға аукционға қойылған кезде орнаған еді.