ӘлемТуризмЭкономика

Грузия Қытай азаматтары үшін визаны алып тастады

Грузия үкіметі бүгіннен бастап осы елге баратын Қытай азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастағаны хабарланды, деп TRT-ге сілтеме беріп Turanews.kz хабарлайды.

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили ел астанасы Тбилисиде төрағалық еткен Министрлер кеңесі отырысында жасаған мәлімдемесінде Қытай-Грузия қарым-қатынастарына баға берді.

Шілде айында Қытайда кездесулері болғанын айтқан Гарибашвили екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң өреде дамығанын білдірді. Гарибашвили «Өздеріңіз білесіздер, менің Қытайға сапарым өте сәтті болды. Қытай бүгін әлемдегі екінші экономика, ең қуатты экономикалардың бірі және біздің басты мүдделеріміздің бірі — Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту және инвестицияны көбірек тарту» деді.

Гарибашвили мақсаттарының Қытайдан көбірек турист тарту екенін атап өтіп,. «Осы себепті бүгіннен бастап Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізуді ұйғардық», — деді ол.

TuraNews

Back to top button