Грузия билігі Еуропалық Одақтан әкелінетін көліктерді Ресейге экспорттауға, қайта экспорттауға немесе транзитпен тасымалдауға тыйым салды. Бұл туралы Грузия Қаржы министрлігінің кіріс қызметі хабарлады, деп жазады Turanews.kz.
Грузияның Қаржы министрлігі 26 қыркүйектен бастап Еуропадан әкелінген көліктерді Ресейге экспорттауға, реэкспортқа немесе транзитке тыйым салынады деген ақпаратты растады.
«Еуропалық одақ Ресейге қарсы қабылдаған 11-ші Санкциялар пакетіне бойынша күшіне енген шектеулер, қозғалтқышының көлемі 1,9 текше метрден асатын автокөліктерді қамтыйды. Сонымен қатар, тыйым гибридті автокөліктер мен электравтокөлікерге де қатысты болады.» — денілген хабарламада.