Әлем

Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болды

Yunanistan'da iki tren çarpışması sonucu meydana gelen kazada en az 32 kişi öldü, çok sayıda yaralı var.

Грекияда болған пойыз апатынан 32 адам қаза тауып, 85 адам жарақат алғаны хабарланды.

Грекия мемлекеттік агенттігі «AMNA»-ның хабарына қарағанда, Лариса қаласының солтүстігіндегі Темпи аймағында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысты.

Жолаушылар пойызының кейбір вагондары рельстен шығып кеткен апаттан 32 адам қаза тауып, 85 адам жарақат алды.

Оқиғадан кейін пойыздағы жолаушылар автобустармен Салоники, Лариса және Катерини қалаларына жеткізілді.

Апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Source
TRT Haber

TuraNews

Back to top button