ӘлемСаясат

Грекия парламенті жаңа президентті сайлады

Грекия парламенті билік басындағы «Жаңа демократия» консервативтік партиясының кандидаты, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады.

Грекия парламенті бұрынғы спикер, «Жаңа демократия» партиясының мүшесі Константин Тассуласты ел президенті етіп сайлады. Оны дауыс беруге қатысқан 276 депутаттың 160-сы қолдаған.

Президент болып сайлану үшін Тассулас кемі 151 дауыс жинауы керек еді. Ол енді Грекияның алғашқы әйел-президенті Катерина Сакелларопулдың орнына жайғасады. Мемлекет басшысы қызметіне наурыздың 13-нен бастап кіріседі.

Константин Тассулас 66 жаста. Бұған дейін Мәдениет министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Source
24.kz

TuraNews

Back to top button