Әлем

Германия ел азаматтығын алу жолдарын жеңілдетуі мүмкін

Бундестаг Германиядағы шетелдіктердің ел азаматтығын алуын жылдамдататын жаңа заңды талқылап жатыр, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Бундестагта заң жобасының соңғы оқылымы өтіп жатыр. Бұл азаматтық алу үшін Германияда тұру уақытын сегіз жылдан бес жылға дейін қысқартады. Ал неміс тілін жақсы білу және жоғары кәсіби табысқа жеткен адамдар үшін үш жыл да жеткілікті болады.

Германия азаматтығын алған шетелдіктерге бұрынғы төлқұжаттарын сақтауға рұқсат етіледі. Ал ГФР-да туған шетелдіктердің балалары автоматты түрде неміс азаматтығын алады. Қазіргі уақытта бұл ата-анасының бірі елде сегіз жылдан астам уақыт тұрған жағдайда ғана мүмкін.

Неміс билігі азаматтық заңдарды реформалау арқылы Германияны білікті мамандар үшін тартымды етуді көздеп отыр.

«Біз бұрыннан қоғамымыздың бір бөлігі болған адамдардың елімізді демократиялық жолмен қалыптастыруға қатыса алуын қалаймыз. Демократиямызға оны қорғайтын және күшейтетін тұрғындар қажет», — деп атап өтті Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button