Әлем
Газа секторында қаза тапқандар саны 26 мыңға жетті
Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 25 900 адам мерт болды, тағы 64 110-ы жарақат алды.
Бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«Өткен жылдың қазан айынан бері Израиль агрессиясының құрбандары саны 25 900-ге дейін өсті, тағы 64 110 адам жарақат алды», — делінген ведомствоның ресми Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік тек соңғы 24 сағаттың ішінде 200 адам қаза тауып, кемінде 370 адам жараланғанын мәлімдеді.