ӘлемБасты

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 29 195-ке жетті

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдары салдарынан Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 29 195-ке жетіп, 69 170-і жараланды.

Бұл туралы сейсенбіде Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде Израиль әскерилерінің шабуылдары салдарынан 103 палестиналық қаза тауып, тағы 142-сі жараланған.

Министрлік жедел жәрдем бригадаларының жетіспеушілігінен кейбір зардап шеккендер әлі де Израиль шабуылынан қираған үйінділер астында екенін қоса кетті.

IDF Газадағы шайқаста алған жарақаты салдарынан 22 жастағы сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. Осылайша қақтығыс кезінде қаза тапқан Израиль әскерилерінің саны 236-ға жетті.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button