Спорт

Футболдан Азия кубогы: Финалға шыққан құрамалар анықталды

Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы финалына шыққан екі құрама белгілі болды.

2024 жылғы Азия кубогының жартылай финалында Иран құрамасы Катарға жол берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Иран сапынан Сердар Азмун (4 минут) мен Алиреза Джаханбакша (51, пенальтиден) мергендік танытса, Катарға Яссем Абдулсаллам (18), Акрам Афиф (43) мен Альмоэз Али (82) жеңіс сыйлады.

Азия кубогының финалында Катар енді Иорданиямен кездеседі. Матч сенбі, 10 ақпанда, өтеді.

Азия кубогы. Финалдық турнир. Жартылай финал.

Иран — Катар — 2:3 (1:2)

Голдар: Азмун, 4. Джаханбахш, 51 (пенальтиден). — Абдулсаллам, 18. Афиф, 43. Али Абдулла, 82.

Алаңнан қуылды: Халилзаде, 90.

TuraNews

Back to top button