2026 жылғы әлем чемпионатының финалына билеттер АҚШ-тағы спорттық іс-шаралар тарихындағы ең қымбат билетке айналуы мүмкін деп хабарлайды Yahoo Sports.
Испания — Аргентина матчы жексенбі, 19 шілдеде Нью-Джерсидегі MetLife стадионында өтеді.
TickPick онлайн платформасының мәліметіне қарағанда, матч билеттерінің орташа бағасы — 11 327 доллар, бұл — орташа сатып алу бағасы бойынша тарихтағы ең қымбат билет.
Алдыңғы ең жоғары көрсеткіш 2024 жылғы Суперкубокта тіркелген еді, ол кезде San Francisco 49ers» — «Kansas City Chiefs» матчына орташа билет бағасы 9 411 доллар болған.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалына ең арзан билет 7 451 доллардан басталады.
TickPick платформасында тіркелген ең қымбат сатып алу – 115A секторындағы 21-қатардан алынған екі билет. Әр билет 28 479 АҚШ долларына сатылған.
USA Today басылымының мәліметінше, Англия 1966 жылдан бергі алғашқы финалына шыққанда немесе АҚШ алғашқы финалын өз алаңында өткізгенде бағалар бұдан жоғарырақ болуы мүмкін еді.
Еске салайық, бұған дейін футболдан әлем чемпионатының кубогы Нью-Йорк пен Нью-Джерси стадионына арнайы жасалған Louis Vuitton чемоданында жеткізілетінін хабарлағанбыз.



