Әлем
Франциялық компания Өзбекстанда екі гибридті күн-жел электр станциясын салады

Француздық Voltalia компаниясы Өзбекстан үкіметімен екі гибридті күн-жел электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды TuraNews.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Сайттың мәлім етуінше, екі өңірдегі станциялардың жалпы қуаты 623 МВт құрайды.
Біріншісі – Навои қаласының маңында салынатын ауқымды гибридті жаңартылатын энергия паркі. Екінші жоба – Хорезм облысында жүзеге асырылады.
Жақында Франция президенті Эмманюэль Макронның Өзбекстанға сапары кезінде тараптар жобаны дамытуға уағдаласқан болатын.
Айта кетейік, Өзбекстан 2026 жылға қарай 8 ГВт және 2030 жылға қарай 12 ГВт жаңартылатын энергия қуатын құруды мақсат етіп отыр.