Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әлиптің Ыстамбұлдың «Фенербахче» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Turanews.kz.
Түркияның «A Spor» басылымының хабарлауынша, түрік клубы «Зенитке» 1,5 миллион еуро сомасында ұсыныс жасаған және Әлиптің өзі де Фенербахчемен төрт жылдық келісім-шартқа дайындалуда.
23 жастағы Әлип «Зенит» командасында 2022 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетеді. Қазақстан өкілі клубпен бірге Ресейдің екі дүркін чемпионы және Суперкубок-2022 иегері атағына қол жеткізді. Өткен маусымда қазақстандық ойыншы барлық турнирлерде 13 рет матчқа шыққан болатын.
Айта кетейік, Әлиптің «Зенитпен» келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Сонымен бірге, Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 1,2 миллион еуроға бағалайды.