«Eurovision-2024»: швейцариялық әнші жеңіске жетті
Швейцария әнші Nemo-ның орындауындағы «The code» әнімен жеңіске жетті.
Байқау қорытындысы бойынша Хорватия 2-ші, Украина 3-ші, Германия 12-ші орында тұр. Финал Нидерландтың байқаудан шығарылуы және Израильдің жарысқа қатысуына наразылықпен өтті, деп хабарлайды DW агенттігі.
Швецияның Мальме қаласында жексенбі, 12 мамырға қараған түні аяқталған «Еуровидение» байқауында Швейцария Nemo-ның орындауындағы «The Code» әнімен жеңіске жетті.
Екінші орынды «Rim Tim Tagi Dim» әнімен Baby Lasagna иеленді, «Teresa & Maria» әнін орындаған украиналық Alyona Alyonа & Jerry Heil дуэті үшінші орын алды.
Ұлттық қазылар алқасы мен телекөрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша алғашқы «ондықтағы» орындар былай бөлінді: 4-ші орында француз Sliman, 5-ші орында израильдік Эден Голан, 6-ші орында Ирландия әншісі Bambie Thug, Италия өнерпазы Анджелина Манго — 7-ші орында, Армениядан келген Ladaniva 8-ші орын, швециялық Marcus & Martinus 9-шы, португалиялық Iolanda — 10-шы орын алды.
Неміс орындаушысы Isaak-қа 12-ші орын берілді.
Букмекерлердің болжамынша, Йост Кляйнның үздік «ондыққа» енуіне мүмкіндігі жоғары болды.
Алайда ол байқаудың басталуына бірнеше сағат қалғанда шеттетілді.
«Еуровидение» ұйымдастырушысы Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мәлімдеуінше, дисквалификацияға орындаушының «орынсыз мінез-құлқы» себеп болған.
Түсірілім тобының қызметкері оның үстінен Швеция полициясына шағым түсірген.
EBU оқиғаның егжей-тегжейн хабарлаған жоқ. Бірақ Нидерландтың Аvtotros хабар таратушысы бұл шараларды «дұрыс емес» деп айыптады.