
Қазақстан құрамасы бүгін Астан Аренада Еуро-2024 іріктеуі аясында Солтүстік Ирландия командасымен кездесті, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.
Тартысты ойында ұлттық құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы жалғыз голды 27-ші минутта Максим Самородов салды.
Ойынды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин тамашалады.