
Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Бұған дейін ол Энергетика вице-министрі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2023 жылғы 21 маусымда тағайындалған болатын.