
Түркия әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресті саясаттың басымдылығына айналдыруға ниетті. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Халич университетінде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне арналған жиында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге баспана, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және бақылау орталықтары және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудеміз», – деді президент.
Сонымен қатар, Түркия мемлекетінің басшысы қоғамның барлық саласының зорлық-зомбылықпен күресудегі ынтымақтың маңыздылығын атап өтті.
«Біз бәріміз бірге зорлық-зомбылықсыз Түркияны құрамыз. Түркияның жүз жылдығы әйелдер ғасыры болады», – деп айтты ол.