БастыСаясатЭкономика

Ердоған: Біз қақтығысты, көз жасы мен қантөгісті көргіміз келмейді

Ердоған Түркияның өз аймағындағы ешбір елмен жауласуға немесе соғысуға ұмтылмайтынын мәлімдеді.

Түрік көшбасшысы Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері қауымдастығының (MÜSIAD) директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесуінде Түркия мен Израиль арасындағы сауда көлемі 9,5 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

Режеп Тайып Ердоған Израильмен сауданы тоқтату мәселесіне қатысты Түркия тек Израильді ақылға салып, Палестинадағы атысты толық тоқтатуға қол жеткізуге тырысатынын айтты. Оның айтуынша, Түркияның бұл мәселеде бір ғана мақсаты бар – шектен шығып кеткен Биньямин Нетаньяху әкімшілігін Палестинадағы атысты тоқтатуға мәжбүрлеу. Бұл ретте түрік басшысы Түркия үкіметінің Израильді соғысты тоқтатуға және Палестинаға гуманитарлық көмек көлемін арттыруға мәжбүрлеу үшін бірқатар коммерциялық шара қабылдағанын баса айтты.

«Түркия Газа секторына гуманитарлық көмек жөнелтуде әлемде бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда Палестина халқына 50 мың тоннаға жуық жүк жөнелтілді. Біз өз аймағымыздағы бірде-бір елмен жауласуға немесе соғысуға ұмтылмаймыз. Біз жай ғана географиямызда қақтығыстарды, қан мен көз жасын көргіміз келмейді», — дейді Режеп Тайып Ердоған.

Бұған дейін Түркияның Сауда министрлігі Израильмен сауда-экономикалық қарым-қатынасын тоқтатқанын хабарлаған болатын. Ведомство мемлекеттік деңгейде қолға алынған шаралардың екінші кезеңін жүзеге асыру басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта барлық тауар бойынша Израильге экспорт-импорт операциялары тоқтатылды.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button