БастыМәдениет

«Ең көпұлтты оркестр»: Қазақстанда әлем рекорды орнатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жаңа әлем рекорды тіркелді. Ең көпұлтты оркестр құрамында 51 елден 75 ұлттың өкілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Shaikhislamov with the Guinness World Records certificate. Photo credit: orda.kz

Шара елордада өтетін Әлемдік дін көшбасшыларының съезі қарсаңында ұйымдастырылды. Өткен орны – Бейбітшілік және келісім сарайы. Рекордтың мәні бір сахнада ең көпұлтты музыка ұжымының басын қосу.

«Бейбітшілік сазы» атты жобаға 51 елден 75 ұлт өкілі қатысты. Ал рекордты Гиннестің әлемдік рекордтар кітабының төрешісі Jack Brockbank арнайы келіп, тіркеді.

«Жобаны қолға алған соң нәтиже шығаруға тырысасың. Әйтпесе бастамай-ақ қою керек. Әрине, «Бейбітшілік сазы» физикалық тұрғыда да, моралдық тұрғыда да шығын қажет етті. Бірақ бізге тылсымнан көмек жеткендей әсерде болдық. Жастардың өмірге деген белсенді көзқарасы қуантты. Кастингіге 500-ден астам өтініш түскен болатын. Оркестрдің ең жас мүшесі Гуляф 11-де ғана. Ұлты –марий.

The event took place in the Kazakh Palace of Peace and Reconciliation. Photo credit: Kazinform

Осы жобаға титтей де болсын үлесін қосқан әр адамға алғыс айтамын. Назарбаев Университетінің оқытушыларына айрықша рахмет. Өте шығармашыл, алға ұмтылғыш адамдар деуге болады. Адам баласының өмірдегі маңызды миссияларының бірі қайырымдылық жасау деп білемін. Жобаға қатысқан әр адам бүгін сол миссиясын орындағандай», – дейді жобаны ұйымдастырған Дәуіт Шайхисламов.

Көпұлтты оркестр көне қазақ әні делінетін «Қара жорғаны шырқады. Абайдың «Желсіз түнде жарық айы» мен А. Бородиннің «Игорь князь» операсынан үзінділер орындалды. G. Caccini-дің «Ave Maria»-сы, Vangelis-тің «Conquest of paradise»-ы да оркестрдің сазына арқау болды.

Грузиядан келген Geo Folk Tour ұжымы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Диана Макина украин ұлтының «Я люблю тільки тебе» әнін нақышына келтіріп шырқады. «Туған жер» балалар хоры M. Jackson-ның We Are The World әнін сыйлады.

Әлемнің 100-ден астам елінде 20-дан астам тілде шығатын Гиннестің рекордтар кітабына биылғы ақпан айында қазақстандықтардың бастамасымен тағы бір рекорд тіркелген болатын. World Painting жобасына әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан адамдар қылқаламның қағаздағы ізін үзбестен күрделі туынды салып шықты. Аталған жоба да DPARTNERS компаниясының бастамасымен іске асқан болатын.

TuraNews

Back to top button