БастыМәдениет

Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Режиссер Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен америкалық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылды.

Аталмыш туынды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің «Заманауи әлемдік кино» секциясында орын алды.

«95-ші рет берілетін Америкалық киноакадемия сыйлығына үміткерлердің тізімі 2023 жылғы 24 қаңтарда жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылғы 12 наурызда өтеді»,-делінген хабарламада.

Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrlig

TuraNews

Back to top button