Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай Астанада Халықаралық Түркі академиясы «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» атты халықаралық конференциясын өткізеді.
«Құрметті достар!
Биыл Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай 2023 жылғы 16 қарашада Түркі Академиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының Елшілігімен бірлесіп «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізетінін хабарлайды.
Жиын аясында Түркі Академиясы қазақ тілінде дайындаған белгілі түрік тарихшысы Афет Инанның «Кемал Ататүрікті еске алғанда» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Кітапта түрік халқының зиялы қауымының көрнекті өкілі Афет Инан ханымның түркі әлемінің ұлы қайраткері, Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік туралы естеліктері мен ойлары жинақталған. Айта кету керек, кітапты Академия тұңғыш рет қазақ тіліне аударып жарыққа шығарып отыр.
Бұдан бөлек Түркиядан арнайы келген профессор Илбер Ортайлының зерттеу бағыттары бойынша лекциясы жоспарланып отыр.
Басқосуға Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Tүркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Mұстафа Капуджу, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Басқарма мүшесі – Ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Оңталап Оңалбекұлы, Түрік тарих қоғамының құрметті мүшесі, Халықаралық Османлы зерттеулері комитетінің Басқарма кеңесінің мүшесі профессор Илбер Ортайлы, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлу, сонымен қатар қоғам және мемлекет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Келем деушілерді есік ашық.»