Қоғам

Елордада Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс өтті

Сайыстың мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мемлекеттік, құрылымдық және бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.

Аталған сайысқа 13 топ (Жастар ресурстық орталығы, «Астана қалалық жарық» ЖШС, Діндерді зерттеу орталығы, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, «Астана-Теплотранзит» АҚ, Астана қаласының мемлекеттік архиві, «Астана-Энергия» АҚ, Астана қаласының Дін басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Көпсалалы медицина орталығы» және еркін құрамалар) қатысты.

Қатысушы командалар «ҒЫЛЫМ» тест, «СӨЗЖҰМБАҚ» кроссворд туры, «ҮШ СУРЕТ» МЕДИА ТУРЫ, «АНАГРАММА», «БАЙЛАНЫС», «ОЙЛАН ТАП» турлары бойынша сынға түсті.
Нәтижесінде І орынды «Жолы болғыштар» («Астана-Энергия» АҚ), ІІ орынды «Energy» тобы («Астана-Теплотранзит» АҚ), ІІІ орынды «Дін зерттеушілері» тобы (Діндерді зерттеу орталығы) иеленді.

Сайысқа қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

TuraNews

Back to top button