Қоғам

Еліміздің Шығысында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жер-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.

«Жер-2024» өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.

TuraNews

Back to top button