Экономика
Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады

Шетелдік көліктерді заңдастырыу туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, тіркеуге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктер жатады.
Бұл көліктер утильдік алым төлемінен де босатылады. Көлік иелері тек 200 мың теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды.
Сондай-ақ меншік иелері тіркеу куәлігі мен нөмір үшін мемлекеттік баж салығын төлеуі керек. Заңдастыру мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.