Спорт

Елена Рыбакина Майами турнирінің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің финалында ойнағаны үшін 650 ұпай алады. Жаңарған әлемдік рейтинг кестесінде Елена 4-орында қалады.

Майами WTA 1000 турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинзден жеңіліп қалды.

Бірінші сетте Коллинз 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді. Яғни, алғашқы кезеңде Рыбакина айтарлықтай қарсылық білдіргенімен, екінші кезеңде жиі қателесіп, қарсыласының алдында қауқарсыздық танытты.

Осылайша, Елена Рыбакина екінші жыл қатарынан Майами турнирінің финалында ұтылып қалды. Өткен жылы ол чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген еді.

 

 

TuraNews

Back to top button