БастыСпорт

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді – 6:1.

Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі.

 

Source
ktf.kz

TuraNews

Back to top button