БастыСпорт
Trending

Елена Рыбакина: Финалға бір қадам қалды

Қазақстанның әйгілі теннисшісі Елена Рыбакина бүгін Australian Open 2026 турнирінің жартылай финалында кортқа шығады. Оның қарсыласы – мықты америкалық теннисші Джессика Пегула.

Бұл кездесу Елена үшін өте маңызды, себебі ол турнирдің финалына шығуға бір қадам қалды. Жақсы спорттық формада екенін көрсеткен Рыбакина бұған дейінгі ойындарында өзінің мықты соққыларымен және тұрақты ойынымен көпшілікті таңғалдырды. Ол турнир барысында бірде-бір сет бермей, сенімді түрде жартылай финалға жетті.

Джессика Пегула да бұл турнирде өте жақсы өнер көрсетіп келеді. Оның тәжірибесі мен корттағы шеберлігі Рыбакинаға лайықты қарсылас бола алады. Екі теннисшінің арасындағы бұл ойын жанкүйерлер үшін нағыз тартысты матч болмақ.

Матч Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады деп күтілуде. Барша қазақстандық жанкүйерлер Еленаға қолдау көрсетіп, оның финалға шығуына тілектес. Алға, Рыбакина!

TuraNews

Back to top button