БастыМәдениет
Trending

Ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді. Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Атап айтқанда, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған.

  • Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.
  • Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады.
  • Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады.
  • Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.

Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгіле­рін қалыптастыруға бағытталған.

 

TuraNews

Back to top button