Қоғам

Экология министрлігі: АрселорМитталға тексеріс жүргізетін компания таңдалып жатыр

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал» компаниясының қызметіне тексерісті бастайды. Бүгінде онымен айналысатын компания таңдалып жатыр. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Тексеруді жүзеге асыратын компанияны таңдаймыз. Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, оларды мұқият қарастырамыз. Өйткені, тексеріс сапалы жүргізілуі керек. Осы аптада компанияны таңдап, содан соң «АрселорМиттал» қызметін тексеруге қатысты материалдарды әзірлеп жібереміз. Тексеріс құны компанияның баға ұсынысына қарай анықталады. Әзірге бюджет жағы нақтыланған жоқ. Сома тексерісті жүргізетін компания өткізетін іс-шараға байланысты белгіленеді», — деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Былтыр жыл соңында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қоршаған ортаны ластағаны үшін 5,8 млрд теңге айыппұл салынған еді.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button