ӘлемСпортТуризм

Екі құрлық арасындағы жарыс: Bosphorus Cup мерейтойын атап өтті

Еуропа мен Азияны тоғыстырып, Қара теңіз мен Мәрмәр теңізін жалғап жатқан Ыстанбұлдың атышулы Босфор бұғазы ғасырлар бойы мәдениеттер мен сауда жолдарының тоғысы болып келеді. Биыл қыркүйек айында бұл теңіз жолы Bosphorus Cup желкенді қайықтар регатасының 25 жылдық мерейтойына байланысты қайтадан ғажайып жарыс алаңына айналды. Үш күнге созылған ауқымды шара әлемдік және жергілікті яхтсмендердің басын қосты.

Демалыс күндері сауда кемелері жүретін су жолында түрлі-түсті желкендер сап түзеп, аспалы көпірлер мен тарихи орамдардың фонында Ыстанбұлайды бұрынғыдан да көркем етіп көрсетті.

Ширек ғасыр бойы Bosphorus Cup бұғаздың сұлулығын су үстінен де, жағалаудан да тамашалауға бірегей мүмкіндік беріп келеді. Жарысты жағалауда тұрып-ақ тегін тамашалауға болады. Желкенді қайықтар осман сарайларының, тарихи особняктардың қасынан жүзіп өтіп, Ыстанбұлдың қайталанбас бейнесін айшықтай түседі. Босфор бойымен пароммен жүзу, жағалауда серуендеу немесе теңіз көрінісі бар мейрамханада тамақтану бұл қаланың неге соншалықты баурап алатынын ұқтырады.

Бұғазды тамашалаудың ең қарапайым әрі қолайлы жолы — Қабаташ немесе Эминөнү причадарынан шығатын паромдарға немесе экскурсиялық қайықтарға отыру. Жол бойында Осман империясының сарайлары, көне тас қамалдар мен жағалаудағы сәнді виллалар ашылады.

Уақытыңыз болса, пароммен Ханшайым аралдарына (Принц аралдары) саяхаттай аласыз. Бүйүкада, Хейбелиада, Кыналыада, Бургазада мен Седеф аралдары тарихи ағаш үйлерімен, тыныш көшелерімен және жағалаудағы балық мейрамханаларымен тыныш демалыс сыйлайды.

Босфор бойындағы өмір тамаша түрік асханасымен тығыз байланысты. Теңіз жағасындағы таңғы ас немесе бранч — Ыстанбұлдың сүйікті дәстүрлерінің бірі. Ал кеш батқанда жағалаудағы дәстүрлі балық мейрамханалары, MICHELIN гидіне енген заманауи мейрамханалар мен панорамалық терраса-кафелер келушілерге ерекше дәм ұсынады.

Босфорды тамашалаудың тағы бір жолы — жағалау бойымен жаяу серуендеу, жүгіру немесе велосипедпен және ретро электро-мопедтермен аралау. Ал экстрим сүйер қауым үшін виндсерфинг, теңіз велосипеді және SUP-бординг сияқты белсенді су спорт түрлері қолжетімді.

 

TuraNews

Back to top button