Спорт
Екі қазақ баласы Азия чемпионатының финалында күреседі
Грек-рим күресінен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатына финалына өтті.

87 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан жартылай финалда өзбек балуаны Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен, мерзімінен бұрын жеңді. Есеп — 5:0. Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов ирандық Насер Гасем Ализадамен белдеседі.
Былтырғы Азия чемпионатының ақтық сынында қазақ балуаны ирандыққа есе жіберген болатын. Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Тұрсынов Ализадені 9:4 есебімен жеңді.
63 келі салмақта белдескен Ержет Жарылқасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық балуан жапониялық Аята Сузукимен күреседі.
Бішкектегі Азия чемпионатының финалдық кезеңі сағат 17:00-де басталады.