
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 қыркүйектегі ресми бағамын белгіледі. Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 63 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге өсіп, 7,72 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471,5 – 475,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 470 – 474 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,15 – 7,55 теңге аралығында сатып алуға болады.