МәдениетСпорт

ДКО дирекциясының өкілдері Қазан қаласындағы «Болашақтың ойындарына» қатысып жатыр

Бұл іскерлік сапардың мақсаты - Қазан қаласында өтіп жатқан «Болашақтың ойындары» халықаралық спорттық шараның ұйымдастыру комитетімен танысу және тәжірибе алмасу.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекцияның қызметкерлері Қазан қаласында жүр, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Құрамына көлікпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мұхтар Танаш, орналастыру және тамақтандыру бөлімінің жетекшісі Арман Ашықбеков және еріктілермен жұмыс жөніндегі құрылымның жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев бар делегация мүшелері «Болашақтың ойындары» мультиспорттық турнирінің ұйымдастырушыларымен кездесіп, орналастыру, тамақтандыру, көлікпен қамтамасыз ету, БАҚ-пен және еріктілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді талқылады. Қазандық әріптестерімен бірге олар «Болашақтың ойындарын» ұйымдастырудың ішкі үдерістерімен танысып, спорт нысандарын, ойындарды басқару және еріктілер орталығын аралады.

Ұйымдастырушылардың ақпараттарына қарасақ, жаңа форматтағы жарысқа жүзден астам елден 2 мыңға жуық ойыншы келген.

Фиджитал тұжырымдамасына негізделген турнир форматы физикалық дағдыларды, заманауи технологияларды және цифрлық ортаны біріктіреді. Ойындар шеңберінде бес топта жарыстар өткізілді: спорт, стратегия, тактика, технология және жылдамдық. Ойындар бағдарламасына классикалық спорт түрлері бойынша жарыстар, дрондар жарысы, роботтар бәсекесі сынды сайыстар кірген. Былайша айтқанда, адамдармен қатар роботтар да мүмкіндігін көрсетіп жатыр.

 

TuraNews

Back to top button