«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты
Байқаушылар референдум нәтижелеріне әсер ететін заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.
«Дауыс» коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға жуық учаскіні қамтылды, деп хабарлады коалицияның баспасөз қызметі.
Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақтарды қамтыды.
«Біз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру хаттамаларына қол қойылғанға дейін күні бойына сол жерлерде бақылаушылардың болуын қамтамасыз еттік. Коалицияның аймақтық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні бойы жұмыс істеді. Олар нақты уақыт режимінде учаскелерден ақпарат алып отырды. Яғни, бізде дауыс беру үдерісінің толық және сенімді көрінісі бар. Учаскелерден келген байқаушыларымыздың есептерін талдау, жалпы алғанда, Орталық бақылау комиссиясы жариялаған деңгейде азаматтардың жоғары белсенділігі мен сайлауға қатысуын растайды», – деді ол.
Сондай-ақ, ол учаскелік комиссиялардың жұмысына мониторинг жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталмағанын хабарлады.
«»Комиссиялардың жұмысы дауыс беру процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етті. Қазір біз Коалицияның аймақтық филиалдары мен ҮЕҰ-әріптестерден жиналған мәліметтерге егжей-тегжейлі талдау жасап жатырмыз. Мониторинг нәтижелері туралы толыққанды есепті жақын арада жариялаймыз. «Дауыс» коалициясы барлық әріптестерге және өңірлердегі байқаушылар командаларының құрамына көрсеткен жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», – деді ол.