Отандық фильмдердің авторы, «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап береді. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», – деп жазды актер.
Сонымен қатар Қуаныш Бейсек те тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.
«Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Бірақ жаңа «Қазақфильм» құруға тырысамыз», – деп жазды су жаңа кеңесші.