БастыТехнология

Дархан Қыдырәлі: Енді газет-журналдарға Kaspi қосымшасы арқылы жазылуға болады

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алтыншы рет өткізіліп жатқан Qazaq Forum отандық онлайн контент жасаушылардың форумында мәлімдеді.

Бүгін Астанада қазақ тілінде онлайн контентке арналған «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбында VI форум өтіп жатыр.

Форумда сөз сөйлеген Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі газет және журналдарға жазылудың жаңа нұсқасы жайлы айтып берді.

“Өздеріңізге белгілі, «Қазпошта» акционерлік қоғамымен ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ «Kaspi Bank»-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. (қосымшада әзірге 18 басылым бар) Мұндай қадамдар жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын артырады деген сенімдеміз”, — деді министр.

QAZQFORUM-ға медиа саласының мамандары мен блогерлер қатысып жатыр.

 

TuraNews

Back to top button