Басты

Cудағы қауіпсіздік — әрқашан бірінші орында!

Жазғы демалыс кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр адамның жауапкершілігі.

🔹 Тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз.
🔹 Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
🔹 Белгісіз әрі қауіпті жерлерде суға түспеңіз және суға секірмеңіз.
🔹 Мас күйінде суға түсуге болмайды.
🔹 Дауылды немесе толқынды ауа райында суға бармаңыз.
🔹 Құтқарушылардың ескертулері мен қауіпсіздік белгілерін ескеріңіз.

Бір сәттік абайсыздық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де қорғаңыз!

🌊 Қауіпсіздік ережесін сақтайық — жазғы демалысты қайғылы жағдайсыз өткізейік!

TuraNews

Back to top button