Чанаккаледе Түркі әлемі өнер университеттері қауымдастығының 5-жиыны өтті
Чанаккале қаласындағы 18 Март университетінің ұйымдастыруымен Түркі әлемі өнер университеттері қауымдастығының 5-жиыны өтті.
7 қарашада ТҮРКСОЙ-дың түркі әлемінің өнер ошақтары арасындағы өзара байланыс пен интеграциясын дамыту мақсатында құрылған Түркі әлемі өнер университеттері қауымдастығының отырысы өтті.
Отырысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Қазақстандағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты,Өзбекстан Юнус Режеби атындағы Өзбекстан ұлттық музыка университеті, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Аркын шығармашылық өнер және дизайн университеті, Ыстамбұл Мимар Синан бейнелеу өнері университеті және Анкара Музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры қатысты.
Жиында Одақтың логотипі, көзқарасы мен миссиясы туралы құжат қабылданды.
Сонымен қатар Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Аркын шығармашылық өнер және дизайн университеті қауымдастыққа мүшелікке қабылданды.