Әлем
Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:17-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6.
- MPV Магнитудасы 5,5.
- Жер сілкінісінің координаттары – 41,08° с.б. 78,11° ш.б.
- Тереңдігі – 5 км.
Қазақстан Республикасының аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.