Әлем

Cарапшылар: Қытай халқы 1 миллиардқа төмендейді

Үндістан Қытайды әлемдегі ең көп қоныстанған ел ретінде басып озып, халқы 1,442 миллиард адамнан асты.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл ақпараттар Біріккен Ұлттар Ұйымы халықты орналастыру қорының баяндамасында көрсетілген.

Аталған қор Үндістан халқы санының өсуін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы және ана өлімі деңгейінің төмендеуімен байланыстырып отыр.

Қазіргі уақытта Үндістан халқының 26% -ы 10-24 жас аралығындағы жастар болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, Қытай халқының саны 2022 жылы 1,426 миллиардты құрап, азая бастаған.

Сарапшылар Қытай халқы осы ғасырдың соңына дейін 1 миллиардтан төмен түсуі мүмкін деп болжап отыр. Керісінше, Үндістан халқының саны алдағы бірнеше онжылдықта өсе береді деп күтілуде.

 

TuraNews

Back to top button