
3 шілдеде таңертең БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келді.
Бас хатшыны Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори қарсы алған.
Бұл Бас хатшының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқы ресми сапар 2017 жылы болды.
Ертең, 4 шілдеде БҰҰ Бас хатшысы Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, сөз сөйлейді.