Мәдениет

Бұхарада «Қожа Насыр» фильмі түсіріледі

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда түсірілетін "Қожа Насыр" фильмінің режиссері Вагиф Мустафаев ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев және Бұхара әкімі Ботир Зариповпен кездесіп, фильмнің Бұхара қаласында түсірілетін жерлерін анықтады.

«Қожа Насыр» фильмі түркі әлемінің маңызды әрі тарихи аймақтарында түсірілмек. Кездесу барысында Зарипов Бұхара әкімдігінің бұл жобаны барынша қолдайтынын айтты.

«Бұхара – дәстүр мен заман қатар өмір сүретін әлемдегі сирек қалалардың бірі. ТҮРКСОЙ-мен серіктестікте бюджеті жоғары фильмнің түсіріліміне атсалысу біз үшін маңызды», – деді Зарипов.

TuraNews

Back to top button