Бүгін Түркия Респупликасында 30 тамыз Жеңіс мерекесінің 101-ші жылдығы.
«Не тәуелсіздік, Не өлім!» деп шыққан жолда грек әскері жеңіліске ұшырап, осыдан 101 жыл бұрын жеткен жеңіс бүгін түрік ұлтының тағдырын өзгертті.
Анадолыға басып кіруге болмайтыны бүкіл әлемге көрсетіліп, дүние жүзіндегі ең үлкен батырлық дастандарының бірі ретінде тарихқа енді.
Түрік елі жеңіске жан-тәнімен, отпен, мылтықпен аттанды. Екі жақ та ауыр шығынға ұшыраған Сакария шайқасы азаттық соғысының бетбұрыс кезеңдерінің бірі болды.
Осы жеңістен кейін тоқтатылған жау әскерін толығымен елден қуып шығу үшін дайындық басталды.
Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік 1922 жылы 26 тамыз күні Бас қолбасшылық майдан шайқасын бастады.
27 тамыз күні Афйонкарахисар, 30 тамыз күні Күтахия, 1 қыркүйек күні Эмет пен Тавшанлы жаудың басқыншылығынан азат етілді. 9 қыркүйек күні Измирде грек әскерін теңізге құйған түрік армиясы Мұстафа Кемал Пашаның бұйрығын үлкен табыспен орындады.
Әскери күшпен мойындатқысы келетін Севр келісімі соғыс майданында бұзылды. Лозанна бейбітшілік келісімінің жасалуын қамтамасыз етті. Түркия «Мисак-ы Миллидің» (ұлттық шекаралар) географиялық мақсаттарына қол жеткізді.