Басты

Бүгін Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына 15 жыл толды

Бүгін Түркі мемлекеттері Парламенттік құрылғанына 15 жыл толды

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) 2008 жылғы 21 қарашада Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Түркия Республикасы парламенттерінің басшылары Түркия Республикасының Ытамбұл қаласында орналасқан «Долмабахче сарайында» қол қойған келісімге сәйкес құрылды.

2009 жылғы 29 қыркүйекте Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) алғашқы пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыста ТҮРКПА Регламенті, Хатшылықтың Регламенті және Баку декларациясы, сондай-ақ Баку қаласында Хатшылықты тұрақты орналастыру туралы мәлімдеме қабылданды.

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттік шекаралардың аумақтық тұтастығы мен мызғымастығы, теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарын ұстанады. Ол осы қағидаттар тұрғысынан бір-бірімен және мүше елдердің үшінші тараптарымен ынтымақтасуына келіскен.

Парламенттік дипломатияны дамыта отырып, ТҮРКПА барлық салаларда мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады. Елдерді саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан нығайту; табиғи ресурстарды толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, осылайша әл-ауқатты арттыру; әлеуметтік және мәдени салалардағы қатынастарды дамыту ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

TuraNews.kz ақпараттық платформасы Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) 15 жылдығымен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына зор табыстар тілейд!

TuraNews

Back to top button