БастыҚоғам

Бүгін қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері кәсіи мерекесін атап өтеді

Жыл сайын 6 қазанда еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуға үлес қосып жүрген мамандар Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтеді.

Жедел өзгеріп жатқан технологиялар мен жаңа сын-қатерлер жағдайында инженер-конструкторлардың, механиктердің, бағдарламашылардың, электроника және киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың еңбегі айрықша маңызға ие.

Сала қызметкерлері заманауи әскери техника жасап, озық технологияларды енгізіп, өндірістің сенімділігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары кәсібилікті, нақтылық пен зор жауапкершілікті талап етеді.

 

TuraNews

Back to top button