Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні
Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген.
Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.
Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!